«Ұлыстың Ұлы күні»Наурыз мерекесі құтты болсын » Коммунальное государственное учреждение «Гимназия № 38 имени Льва Гумилева» отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования Восточно-Казахстанской области
Коммунальное государственное учреждение
"Гимназия №38 имени Льва Гумилева"
отдела образования по городу Усть-Каменогорску
управления образования Восточно-Казахстанской области
Приемная:
+7 (7232)25-07-90
Бухгалтерия:
+7 (7232)25-07-13
Версия
для слабовидящих
19
март
2024

«Ұлыстың Ұлы күні»Наурыз мерекесі құтты болсын

Табиғаттың оянуымен бірге келіп отырған көктемнің басты мейрамы Наурыз мерекесіне орай 19 наурыз күні ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «Л.Гумилев атындағы №38 гимназия» КММ-нің 3 АБ сыныптарында «Ұлыстың Ұлы күні» атты мерекелік-танымдық сабақтар өткізілді. Сабақ балалардың Наурыз мерекесіне шашу ретінде дайындап әкелген тақпақтарын айтумен басталып,  «Наурыз – жыл басы» мәтінімен танысумен жалғастырылды. Оқушылар мәтін бойынша берілген топтық жұмыстарды ынта-ықыластарымен белсене орындады. Сабақ соңында оқушылар «Қош келдің, төрлет Наурызым!» әнін шырқап, қазақтың ұлттық «Шашу»  дәстүрін көріп, тәттілерден ауыз тиді.  Сабақ балаларға ерекше әсерлі болды. Наурыз мерекесіне келген балалар көтеріңкі көңіл-күйде тарасты.