Қош келдің, төрлет Наурызым!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Лев Гумилев атындағы № 38 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 1- 4 сыныптарында Наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің, төрлет Наурызым!» атты танымдық сабақ өтті. Танымдық сабақта оқушылар Наурыз мерекесінің тарихымен танысты.
Сабақ барысында әртүрлі ойындар ойнатылды. Сабақта оқушылар Наурыз мерекесіне дайындаған тақпақтарын оқыды. Туған жерге, туған өлкеге деген ыстық ықыластарын білдіріп «Біз бір Отанның балаларымыз» атты айдарда осы тақырыпқа арналған мақал-мәтелдерін арнады.
-4 сынып оқушылары сабаққа қызыға және үлкен белсенділікпен қатысты. Сабақтың соңында қазақ тілі мұғалімдерінің оқушыларға арнайы дайындаған Наурыз мерекесіне арналған ашық хаттары шашу ретінде таратылды. Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері: Козыбаева Айнаш Урынбаевна, Бегалиев Абай Арманұлы, Шушаникова Надежда Александровна.