Өскемен қаласы әкімдігінің «Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын № 38 гимназиясы» КММ-нің 2-4 сынып оқушыларына арналған «Біздің Отанымыз – Қазақстан!» – атты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған мерекелік таным
Танымдық сабақтың мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, еліне, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында олардың сөздік қорларын көбейтіп, танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Керекті құралдар: Қазақстанның картасы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың суреттері, еліміздің екінші президенті Қасым Кемелұлы Тоқаевтың суреті, еліміздің табиғаты туралы суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері, «Біздің Отанымыз – Қазақстан!» атты презентация.
2019 жылдың 6-10 желтоқсан аралығында қазақ тілі пәнінен 2-4 сыныптарда «Біздің Отанымыз – Қазақстан!» атты танымдық сабағы өткізілді. Оқушылар танымдқы сабаққа белсенді қатысты. Сабақ барысында Қазақстан Республикасы тату, көпұлтты, үлкен, егеменді, жері бай, бақытты мемлекет екенін танып білді. Оқушылар Отанымызға арналған тақпақтарын, мақал-мәтелдерін, билерін және әндерін сыйға тарту етті. Сабақтың ортасында «Сен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білесің бе?», «Викториналық сұрақтарға жауап береміз» атты ойындарына белсенді қатысты. Сабақ соңында оқушылар өздерінің тілектерін жазып, өз ойларымен бөлісті!
Сабақтың соңында оқушыларға арнайы тәттілер мен құттықтау ашық хаттары таратылды.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Козыбаева А.У., Турсунгалиева Н.М., Бегалиев А.А.







