"Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем" тақырыбында Республика күніне арналған викториналық сабақ. » Коммунальное государственное учреждение «Гимназия № 38 имени Льва Гумилева» отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования Восточно-Казахстанской области
Коммунальное государственное учреждение
"Гимназия №38 имени Льва Гумилева"
отдела образования по городу Усть-Каменогорску
управления образования Восточно-Казахстанской области
Приемная:
+7 (7232)25-07-90
Бухгалтерия:
+7 (7232)25-07-13
Версия
для слабовидящих
23
октябрь
2025

"Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем" тақырыбында Республика күніне арналған викториналық сабақ.

22 қазан күні № 38 гимназияда 7А және 7Б сынып оқушыларының қатысуымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен "Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем" тақырыбында Республика күніне арналған викториналық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты — оқушылардың отаншылдық рухын арттыру, елімізге деген сүйіспеншіліктерін нығайту және мемлекеттік мерекелерге деген құрмет сезімін қалыптастыру болды. Іс-шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын шырқап, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін өлең жолдары арқылы білдірді. Сонымен қатар, қазақтың дана сөздері — мақал-мәтелдерді жатқа айтып, өздерінің тіл байлықтары мен ой-өрістерін көрсетті. Викториналық сұрақтар арқылы оқушылар еліміздің тарихы, географиясы және мәдениеті жөніндегі білімдерін ортаға салды. Бұл тәрбиеге толы танымдық сабақ оқушылардың белсенділігін арттырып, елге, жерге деген құрметін нығайта түсті. Пән-мұғалімдері: Козыбаева А.У., Турсунгалиева Н.М.