23
октябрь
2025
"Менің Отаным – Қазақстан!"
2025 жылғы 22 қазан күні №38 гимназияда 4 "Б" сынып оқушыларының қатысуымен қазақ тілі пәнінен "Менің Отаным – Қазақстан!" тақырыбында танымдық сабақ өтті. Сабақтың негізгі мақсаты — оқушылардың отаншылдық рухын арттыру, туған еліне деген сүйіспеншілігін нығайту, сондай-ақ мемлекеттік және ұлттық мерекелерге деген құрмет сезімін қалыптастыру болды. Іс-шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын шырқап, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін өлең жолдары арқылы жеткізді. Сонымен қатар, оқушылар еліміздің тарихы мен мәдениеті жайлы білімдерімен бөлісіп, белсенділік танытты. Бұл тәрбиелік мәні зор танымдық сабақ оқушылардың елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімдерін тереңдетті. Пән мұғалімі: Козыбаева А.У.