Туған тілім – анам тілі!
2019 жылдың 13 қыркүйегінде № 38 гимназияда Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Туған тілім – анам тілі!» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Аталмыш шараның мақсаты: Қазақстан халқы тілдері күні мен қазақтың ұлы ақыны, әдебиет зерттеуші ғалымы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері – Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай туған жер, Отан, тіл туралы патриоттық рухтағы өлең-жырларды үш тілде оқушыларға жаттатып, поэзия әлемімен тілдестіру.
Бұл байқауға 5-7 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар мәнерлеп оқуға қойылатын талаптарға сәйкес тіл тазалығын сақтап, әр өлеңді тебірене оқып шықты. Кейбір қатысушылардың өлеңді мәнерлеп оқуы тыңдап отырған көрермен оқушылар мен ұстаздарды ерекше күйге бөледі. Олар әрине үлкен қошеметке ие болды. Сайыс соңында әділ қазылар қатысушыларға ерекше дайындықпен келіп, патриоттық рухтағы өлеңдерді қазақ, орыс, ағылшын тілінде мәнермен оқып бергені үшін үлкен рақмет айтып, мадақтау грамоталарымен марапаттады. Байқауда ерекше көзге түскен оқушылар: Кайролдина Айзере, Турсынбекова Ая, Кажибекова Алина, Астахова Виктория, Шматко Андрей, Чувашов Вадим, Рыльская Маргарита, Құдайберген Дария. Оқушылардың осындай жетістікке жетуі бұл әрине ұстаздардың еңбегі. Ұстаз өз еңбегінің жемісін көргенде балаша қуанатыны белгілі. Үш тілде өтілген шара оқушыларға да, ұстаздарға да көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.






