Наурыз мерекесінде не істейміз! » Өскемен қаласы әкімдігінің «Л.Гумилев атындағы №38 гимназия» отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования Восточно-Казахстанской области
Өскемен қаласы әкімдігінің
"Гимназия №38 имени Льва Гумилева"
отдела образования по городу Усть-Каменогорску
управления образования Восточно-Казахстанской области
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232)25-07-90
Есеп бөлімі:
+7 (7232)25-07-13
Нашар
көрушілер нұсқасы
16
Наурыз
2018

Наурыз мерекесінде не істейміз!

Наурыз мерекесінде не істейміз!

2018 жылдың 16 наурызында Өскемен қаласы әкімдігінің «Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын № 38 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 3 «А», 3 «Б» сынып оқушыларының «Наурыз мерекесінде не істейміз!» - атты ойын-сабағы өткізілді. Сабақты пән мұғалімдері Козыбаева Айнаш Урынбаевна және Адайбекова Жулдуз Ерлановна жүргізді. 40 минуттық ойын-сабаққа топтың оқушылары барша белсенділікпен қатысты.
Сабақ барысында үйге берілген тапсырмалар тексерілді. Үйге берілген мәтін бойынша оқушыларға сұрақтар таратылды, сосын осы сұрақтарға екі топтың оқушылары жауап беріп, топ бойынша бірі-бірі бағалады. Пән мұғалімдері үй тапсырмасынан соң, Наурыз мерекесі туралы оқушыларға презентация көрсетіп, мереке туралы түсініктеме берді. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін «Теңге алу» ойыны арқылы көрсетілді. Ортаға екі оқушы шығады, олар шеңберге тұрады. Әдемі әуен ойнатылады, шеңбердің бойы бойынша олар әуен тоқтағанша жүгіреді. Әуен тоқтағанда екі оқушының бірі теңгені алу керек. Үлгерген оқушыға 1 ұпай берілсе, үлгермеген оқушы Киіз үйдің ішіндегі сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар оқу бағдарламасы бойынша қамтылған. Бірақ қызықты етіп жасалынған. Оқушылар мұғалімнің көмегінсіз алған сұрақтарына толығымен жауап беріп отырды. Ойын-сабақта би де биленді, ән де шырқалды, оқушылар барша қырынан өз білімдерімен, өнерлерін көрсетті. Сабақтың басты мақсаты Қазақ халқының салт-дәстүрін болашақ ұрпаққа дәріптеу және ойын сабағы арқылы дамыту, АЙТЫЛЫМ, ЖАЗЫЛЫМ, ТЫҢДАЛЫМ, ОҚЫЛЫМ деңгейлері бойынша барлық тапсырмалар қамтылды. Қазақ тілі пәнінен 3 «А», 3 «Б» сынып оқушыларының сөздік қоры жақсы, осы сөздік қорларының аясында оқушылар меңгерген сөздердің мағынасын біледі, сөздерді сауатты айта алады, оны күнделікті өмірде қолдана алады.

Наурыз мерекесінде не істейміз!

Наурыз мерекесінде не істейміз!

Наурыз мерекесінде не істейміз!

Наурыз мерекесінде не істейміз!

Наурыз мерекесінде не істейміз!

Наурыз мерекесінде не істейміз!

Наурыз мерекесінде не істейміз!

Наурыз мерекесінде не істейміз!

Наурыз мерекесінде не істейміз!