Интегрированный урок
2017 жылдың 21 қарашасында Өскемен қаласы әкімдігінің «Ағылшын тілін
тереңдетіп оқытатын № 38 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиет пәндері мұғалімдерінің «Өңірлік бағдарлама аясында үштілділікті оқыту мақсатындағы кіріктірілген сабақтардың әдіс-тәсілдері» атты семинары өтті.
Осы семинар аясында 3 «А» сыныбында қазақ тілі мұғалімі Козыбаева Айнаш Урынбаевна бастауыш сынып мұғалімі Гокк Елена Владимировна, ағылшын тілі мұғалімі Канаева Камила Бауржановнамен бірлесіп кіріктірілген сабақ жүргізді. Сабақтың тақырыбы «Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?». Оқушылар 3 сыныптың оқулығы бойынша «Менің сыныбым», «Сыныпта», «Менің сыныптастарым» тақырыптарының аясында шағын әңгімелер құрау арқылы өз сыныбы туралы білімін жетілдірді. Сабақ барысында интербелсенді әдістерді қолдану арқылы ақпараттық-таным қабілетін дамыта білді. Кіріктірлген сабақ болғандықтан игерілген тақырыптар аясында қазақ тілінен АЙТЫЛЫМ, ЖАЗЫЛЫМ, ТЫҢДАЛЫМ, ОҚЫЛЫМ деңгейлері бойынша барлық тапсрымалар қамтылды. Қазақ тілі пәнінен 3 «А» сынып оқушыларының сөздік қоры жақсы, осы сөздік қорларының аясында оқушылар меңгерген сөздердің мағынасын біледі, сөздерді сауатты айта алады, оны күнделікті өмірде қолдана алады. Сөздерді мида сақтау және одан сөз тіркесін құрастыру бойынша Сабақта «СЕГІЗ ТОР КӨЗ» стратегиясын қолданылды. Сонымен оқушылардың АЙТЫЛЫМ деңгейі аясында оқушылар қойған сұрақтарға толығымен жауап бере алады. Сөз, сөз тіркесі, сөйлемді оңай және сауатты құрай алады. Сабақта бірінші қазақ тілі пәнімен орыс тілі пәні байланыста болды балалар СИНКВЕЙН стратегиясы бойынша ЖАЗЫЛЫМ дейгейін дамытты. ЖАЗЫЛЫМ деңгейінде балалар орысшаны қазақшаға аударып отырды. Мысалы, Бір зат есім, екі сын есім, үш етістік. Бір сөйлемді қазақша және орысша құрастырды. Екінші қазақ тілі ағылшын тілімен байланыста болды. Ағылшын тілінен АЙТЫЛЫМ деңгейі жүзеге асты. Оқушылар ағылшынша сұрақ қойып, қазақша жауап берді. Сабақтың соғына дейін орындарын ауыстырып отырды. Бұл кіріктірілген ашық сабақ қалалық мұғалімдерге берілді. Кіріктірілген сабақта қала мұғалімдерімен № 38 гимназия мұғалімдері пәндер бойынша өздерінің әдіс-тәсілдерімен, тәжірибелерімен бөлісті.