«Қош келдің, төрлет, Наурызым» / танымдық сабақ
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ КММ «Лев Гумилев атындағы № 38 гимназиясында» қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында 4-ші «А», «Б» сынып оқушылары арасында «Қош келдің, төрлет, Наурызым» атты танымдық сабағы өткізілді. Сабақта оқушылар «Наурыз» мерекесінің тарихымен танысып, топтық жұмыстар атқарып, викторинаға қатысып, сергіту сәтінде «Қаражорға» биін билеп, ұлттық салт-дәстүрге байланысты тапсырмалар орындап, бата беріп, шашу шашып, Наурыз мерекесінде дайындалатын ұлттық тағамдардың жасалуы туралы мәтін құрастырып, өз өнерлерін ортаға салып, би билеп, тақпақ оқыды. Тақырып бойынша терең білім көрсеткен оқушылар грамоталармен мадақталды. Аталған іс-шарамен 65 оқушы қамтылды.
Мақсаты: халқымыздың ұлттық салт-дәстүрін насихаттау.
Пән мұғалімдері: Увалиева Г.М, Шакенова Б.Н