16
Наурыз
2021
«Бесікке салу» салт-дәстүрі
Гимназияның барлық сыныптарында Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар 14 наурыздан басталды. 2 сынып оқушылары мерекелік іс-шараға қатысты, қазақ халқының «Бесікке салу» салт-дәстүрін сахналап көрсетті. Бұл салт-дәстүрдің тәрбиелік мағынасы үлкен. Осы дәстүр арқылы біз оқушылардың бойында дұрыс сөйлеу, үлкенді құрметтеу, жол беру, айтқан ақыл-өсиеттерін тыңдауды тәрбиелейміз. Бұл сабақ қазақ тілі пәндерінің мұғалімдері Козыбаева А.У., Бегалиев А.А. қолдауымен өткізілді. Барлық басқа сыныптарда тәрбиелік, танымдылық мазмұны бар сабақтар Наурыз мейрамының күндерінде өткізілу жоспарланып отыр.

