Тілдер күніне арналған декада » Коммунальное государственное учреждение «Гимназия № 38 имени Льва Гумилева» отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования Восточно-Казахстанской области
Коммунальное государственное учреждение
"Гимназия №38 имени Льва Гумилева"
отдела образования по городу Усть-Каменогорску
управления образования Восточно-Казахстанской области
Приемная:
+7 (7232)25-07-90
Бухгалтерия:
+7 (7232)25-07-13
Версия
для слабовидящих
08
октябрь
2021

Тілдер күніне арналған декада

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Лев Гумилев атындағы № 38 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2021 жылдың 5-22 қыркүйегі аралығында Тілдер күніне арналған декада өткізілді.
Декада аясында 3-тілде жалпы мектептік газет шығарылды. Барлық сыныптарда деңгейлеріне сәйкес Ахмет Байтұрсыновқа арналған танымдық сабақтар өткізілді. Оқушылар ғалым туралы видеофильм көрді, еңбектерімен танысты, қосымша ақпарат алды. Ыбырай Алтынсаринға арналған сабақтар қазақ-орыс-ағылшын тілдері және мектеп кітапханасымен кіріктіріліп өткізілді.
Бастауыш сыныптарда Ыбырай Алтынсаринның кең таралған өлеңдері оқытылды және Ыбырай Алтынсаринның мұражайына сырттай саяхат өткізілді. Тілдер декадасы аясында атақты жерлесіміз, жазушы Оралхан Бөкейге арналған шаралар өткізілді. Шара барысында оқушылар Оралхан Бөкейдің шығармашылығымен танысып, өмірі туралы шағын кинофильмдер көрді. 10-11 сынып оқушылары Оралхан Бөкейдің шығармаларына аударма жасап, өз әсерлерімен бөлісті. 9-11 сыныптарда осы мерекеге арналған мектепішілік эссе жазу сайысы өткізілді. Эссе «Қазақ тілінің мәртебесі», «Ана тілім – арым менің», «Тіл тағдыры – ел тағдыры» атты тақырыптар бойынша жазылды. Жақсы деп танылған эсселер қазақ тілінің практикалық курсы сабағында оқылып, талданып оқушылар өз пікірлерін білдірді.
Тілдер декадасы 1-8 сыныптар аралығында өткізілген мәнерлеп оқу сайысымен аяқталды.

 С 05 по 21 сентября 2021 года в КГУ «Гимназия № 38 имени Льва Гумилева» отдела образования по городу Усть-Каменогорску, управления образования Восточно-Казахстанской области проходила декада ко Дню языков народа Республики Казахстан. В рамках декады были проведены познавательно информационные уроки, посвященные А.Байтурсынову, Ы.Алтынсарину .
Учащиеся читали стихи, смотрели видеофильмы и обсуждали интересные факты о жизни этих великих людей. 9-11 классы на казахском, русском и английском языках писали эссе на тему «Язык – залог дружбы».
Лучшие эссе были отмечены на уроках учителями. Также была выпущена школьная газета на 3-х языках. Декаду завершили школьным конкурсом чтецов на казахском , русском, английском языках. Поздравляем победителей конкурса, которых вы видите на данном видео.