Ұлт ұстазы - Ахмет Байтұсынов...
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі «Лев Гумилев атындағы № 38 гимназиясы» КММ-де Қазақстан халықтарының Тілдері күніне арналған іс-шаралар басталып кетті.
Апталық аясында 11 «А, «Б» сыныптарында « Ұлт ұстазы -Ахмет Байтұсынов» атты қалалық А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектептің мұражайы бойынша түсірілген видео көрсетілді. Оқушылар тақырып аясында А.Байтұрсынұлы — ұлт мақтанышы, оның әр еңбегі бүгінгі ұрпақтың болашағы үшін жазылған деп бір-бірімен ойларымен бөлісті. Асыл азаматтың алтын қаламынан тамған ақ өлеңдей сөздері ұлт жадында мәңгі жасау керек. Ахмет Байтұрсыновты әр қазақстандық қоғам және мемлекет қайраткері, ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы ретінде жақсы біледі.
Шараның мақсаты: біртуар азаматты дәріптеу
Пән мұғалімдері: Увалиева Г.М, Шакенова Б.Н





