“Менің Қазақстаным -менің болашағым” » Өскемен қаласы әкімдігінің «Л.Гумилев атындағы №38 гимназия» отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования Восточно-Казахстанской области
Өскемен қаласы әкімдігінің
"Гимназия №38 имени Льва Гумилева"
отдела образования по городу Усть-Каменогорску
управления образования Восточно-Казахстанской области
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232)25-07-90
Есеп бөлімі:
+7 (7232)25-07-13
Нашар
көрушілер нұсқасы
24
Қазан
2024

“Менің Қазақстаным -менің болашағым”

2024 жылғы 23 қазанда 4”Б” сыныбында «Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек» - деп мемлекет басшысы айтып, 13 жылдан кейін қайта оралған ұлттық мерекеміз - Республикамыздың туған күнін тойлатуға арналған “Менің Қазақстаным -менің болашағым” атты мерекелік танымдық ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар білім қоржындарын Қазақстан Республикасы туралы жаңа ақпараттармен толықтырып, көзқарастарын кеңейтті. Патриоттық тақырыпта тіл дамытуға, сөздік қорларын молайтуға бағытталған  әр түрлі тапсырмалар орындады. Сабақ мерекелік көтеріңкі көңіл-күйде өткізілді.    Соңында “Атамекен” әні шырқалды.
Мұғалімі: Увалиева Г.М.