Шығыстан жарқырап шыққан жұлдыз
Лев Гумилев атындағы №38 гимназияның 11- сынып оқушыларына қазақ тілі мен әдебиеті сабағында жерлесіміз, белгілі жазушы, драматург Оралхан Бөкейдің ескерткішінің ашылу салтанатына орайластырылған “Шығыстан жарқырап шыққан жұлдыз” атты танымдық әңгіме өткізілді. Оқушылар Мұзтаудың мұзбалағы Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат алып, орыс тіліне аударылған шығармаларынан үзінділер оқып, пікір бөлісті.