02
март
2021
«Өлең – сөздің патшасы» номинациясының жеңімпаздары
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "Лев Гумилев атындағы № 38 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 1-4 сынып оқушылары Республикалық «Өрлеу» порталдарының ұйымдастырумен қазақтың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдығына орай ұйымдастырылған ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу шығармашылық байқауына қатысып, «Өлең – сөздің патшасы» номинациясында үздік нәтиже көрсеткендері үшін I дәрежелі дипломдармен марапатталды. Жетекшісі: Козыбаева А.У.